USD
USD
USD

Елордадағы ерекше шырша

Нұрсұлтандықтар пластикалық бөтелкеден жаңа жылдық шырша құрастырды.

Елордадағы ерекше шырша
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жаңа жылда табиғи шыршалардан бас тарту жөніндегі бастамасы бойынша «Эко-шырша» челленджі басталды.

Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығында қткен шараға Экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ХЖТО және Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) Операторы» ЖШС басшысының қатысты.

Шара аясында пластикалық бөтелкеден шырша жасалды. Жасанды шыршанны жасауға 250-ге жуық пластик құты қолданылды. Эко-шыршаның биіктігі 2 метрден асады. Осылайша эко-шырша авторы қоршаған ортаны қорғау мақсатында табиғи шыршадан бас тартып, жасанды шыршаларды пайдалануды дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

«Шырша балалар жасаған ойыншықтармен безендірілді. Министрліктің бастамасын ӨКМ операторы мен мектеп оқушылары қолдап, пластиктен шырша және оған ойыншықтар дайындағаны көңіл қуантады», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Министрліктің экологиялық игі бастамасын Ақтөбе облысындағы қалдық шығаратын «Нео-плюс» компаниясы қолдауға дайын екендігін білдірді. Кәсіпорын қазір 3 метрлік пластик шыршаның қаңқасын әзірлеп жатыр.

Одан «әрі эстафета Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен және Алматы қалаларындағы мамандандырылған кәсіпорындарға жолданатын болады.

Сонымен қатар экологиялық тақырыптағы жаңа жылдық безендірулер Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының мектептерінде де жалғасын табады», делінген хабарламада.

«Эко-шырша» жаңа жылдық челленджін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – табиғи шыршаны отаудан сақтау. Және осы бастамаға қазақстандықтарды шақыру. Жаңа жылдан кейін жасанды шырша шикізат ретінде қайта өңдеуге жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

.

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.