USD
USD
USD

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді

Елордалық өрт сөндірушілер «Астықжан» сауда орталығындағы өртті сөндірді.

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрт сөндірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен «Астықжан» сауда орталығныдағы өрт сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, жалн шарпыған аумақ 7000 мың шаршы метрге жеткен. Естеріңізге салсақ, бүгін, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09. 42-де Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелері Әл-Фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша шұғыл аттанған болатын», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге жергілікті департаменттің күштері мен құралдары – 105 адам 26 бірлік техника, коммуналдық қызметтің 8 машинасы жұмылдырылды.

«Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2-қабаттың терезесінен 2001 жылы туған қыз өрттен құтқарылды. Оның «Универсал» жиһаз цехының қызметкері екені анықталды. Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, жағдайы орташа ауыр дәрежеде», - делінген департаменттің мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил