USD
USD
USD

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығы өртеніп жатыр

Елордадағы «Астықжан» сау орталығының жиһаз салонынан өрт шықты.

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығы өртеніп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Алдын ала ақпарат бойынша бүгін сағат 09: 42-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Әл-фараби даңғылы, 28 мекен-жайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған.

«Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде «Астықжан» сауда орталығының 3-қабаттындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды», - деп жазылған департаменттің дерегінде.

Қазір оқып жатыр

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов

Конституциялық құрылысты өзгертпек болған: Атырауда бір топ адам ұсталды

Атырауда ұсталған экстремистік топ