USD
USD
USD

Елордадағы 100 отбасы газға тегін қол жеткізеді

Қала әкімдігі Halyk банкімен бірлесіп Алматы және Сарыарқа аудандарындағы жүз жеке үйді тегін газдандыру туралы келісімге қол қойды

Елордадағы 100 отбасы газға тегін қол жеткізеді
Фото: NEGE.kz

. Жалпы бюджеті 230 млн теңгені газдандыру жобасы Halyk банкінің 100 жылдығына арналған «100 игі іс» ауқымды науқаны аясында жүзеге асырылып отыр. Енді Астанада әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасы газға тегін қосылады.

Астана, NEGE. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша,  Алматы және Сарыарқа аудандары бүгінгі таңда газбен толық қамтамасыз етілген. Онда  шамамен 12 мың абонент болса, соның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылған екен.  Осы ретте үйлерді газға қосу шығындарын азайту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы беру қарастырылған, сондай-ақ құны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін үлестірілмек.

«Бұрын банк арқылы пайызсыз несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Енді Halyk-пен елордадағы 100 үйді тегін газдандыру жобасын іске асыруға кірісеміз. Қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі. Газдандыру процесі – Мемлекет басшысының бақылауында, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Елорда әкімшілігі өз кезегінде әлеуметтік осал топтар санатына жататын жандар тізімін ұсынды. Олардың қатарында газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар бар. Атап айтар болсақ, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар қала тұрғындары т.б.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары