USD
USD
USD

Елордадағы Наурыз мерекесі: ЭКСПО алаңында мерекелік жәрмеңке өтіп жатыр

Елордада осы күндері Наурыз мейрамына орай мерекелік жәрмеңке өтіп жатыр, – деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Астана
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Наурыз мейрамын тойлауға орай ЭКСПО халықаралық көрме орталығында жәрмеңке ұйымдастырылып, оған еліміздің әр өңірінен 100 тоннадан астам азық-түлік өнімдері қойылды. Мұнда жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет және сүт өнімдерін, шығыс тәттілерін, бауырсақтарды және басқа да тәттілерді табуға болады. Азық-түлік жәрмеңкесіне 50-ден астам кәсіпкер қатысып жатыр.

Олардың арасында гастрономиялық өнімдерді өндірушілер де бар.

«Мерекелік жәрмеңкеге ұлттық өнімдеріміз – қымыз бен саумалдан жасалған балмұздақты ұсыну үшін Абай ауданынан келдік. Жұрт көріп таңғалды әрі мұндай ерекше өнімдерге қызығушылық танытып жатыр», – деді қатысушылардың бірі Айдын Серікқазин.

Жәрменкеде азық-түлік өнімдерінен бөлек, қазақ мәдениетінен сыр шертетін түрлі атрибуттар қойылған. Жәрмеңкенің тағы бір бөлігі ұлттық киімдер, кәдесыйлар, картиналар, ыдыс-аяқтар, тұрмыстық заттар, төсек-орын жабдықтары және т.б. бар.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес