USD
USD
USD

Елордадағы марафонда 82 жастағы қария көпшілікті таңғалдырды

Республика күніне орай елорданың "Алматы" ауданындағы Триатлон саябағында жүгіруден жазғы маусымның жабылуы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайтынанан.

Қаласы
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Алматы, NEGE. Бүгінгі бұқаралық іс-шараның ерекшелігі 82 жастағы Амангелді Досжановтың қатысуы болды. Ол көпшіліктен қалмай, 10 шақырым қашықтықты 1 сағат 23 минутта жүгіріп өтті.

"Жүгіруді 79 жасымда бастадым. Егер бастысы ниет болса, ешнәрсеге кеш емес. Қазіргі сәтте аптасына тұрақты түрде 3 мәрте 5-10 шақырым жүгіремін. Әдетте мен үйімнің қасындағы Күйшілер аллеясы мен Жерұйық саябағын таңдаймын. Себебі ол жерде жүгіруге жағдай жасалған. Көпшілігіміз жапондардың ұзақ өмір сүретініне таңғалып жатамыз ғой. Бірақ қазақтар да салауатты өмір салтын ұстанудан кенде емес", - дейді Амангелді Досжанов.

Ол 2024 жылы Run for Autism қайырымдылық жарысына да қатысқан. Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай Республика күніне арналған жүгіріске 1 500 адам қатысқанын атап өтті. Айтуынша қала тұрғындары осындай бұқаралық жүгіріске үйреніп қалған.

"Триатлон немесе Ботаникалық бақ қана емес, өзге жерлерде де жүгіруге мүмкіндік бар. Бүгін жазғы маусымымыз аяқталса да, қыс мезгілінде жүгірістер жалғаса береді. Осы сәтті пайдалана отырып, 26 қазан күні дәл осы Триатлон саябағында отбасылық дуатлонға қатысуға шақырамын", - деді ол.

Бұқаралық жүгіріске қатысу толықтай тегін болды. Іс-шара соңында қатысушылар арасында велосипедтер ойнатылып, естелік медальдар табысталды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев