Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне (LRT) атау беру туралы қаулыға қол қойды.

ЛРТ
Фото: Астана әкімдігі

Астана, NEGE. Қаулы мәтіні нормативтік құқықтық актілердің электрондық эталондық бақылау банкі порталында жарияланды.

«Астана қаласының жеңіл рельсті көлік жүйесіне Tarlan Astana атауы берілсін. "Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», – делінген құжатта.

Еске салсақ, 5 маусымда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында қалада жақында қолданысқа берілген жеңіл рельсті көлік желісі – LRT-ға ресми атау беру мәселесі қаралған болатын.

Жаңа атау қала тұрғындары мен қоғамдық ұйымдар мүшелері ұсынған «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан» сынды нұсқалар арасынан таңдалған.

Айта кетейік, Астанада жеңіл рельсті көлік желісі ресми түрде 16 мамыр күні іске қосылды. Ашық жарияланған ресми мәліметтер бойынша соңғы 10 жылда LRT құрылысына кемінде 686,2 млрд теңге бағытталған. Жобаның ресми жарияланған құны 1,8 млрд долларды құрайды десек, бюджет пен Ұлттық қордан бөлінген қаражат жоба құнының шамамен 70%-ын жапты. Жобаның келесі кезеңдері Қытай қаржы нарығы арқылы қаржыландырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық