USD
USD
USD

Елордадағы Алматы көшесінің бір бөлігі жабылады

Астана қаласында Алматы көшесінің Сауран көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Осыған байланысты 2025 жылғы 7-10 маусым аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Көше
Фото: Астана әкімдігі

АСТАНА, NEGE. Қозғалыс екі бағытта ұйымдастырылатын болады. Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге алдын ала бағыттарын жоспарлап, қозғалыс сызбасындағы уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес береді.

Қолайсыздықты азайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол бойына уақытша белгілер мен бағыттаушы құралдар орнатылады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси