USD
USD
USD

Елордада жұмыс күні қысқаруы мүмкін

Елордалық құтқарушылар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, ал жұмыс берушілерге жұмыс кестесін қайта қарауға кеңес берді. 

Елордада жұмыс күні қысқаруы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Астаналық Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов, қалалық ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев ауа райының бірден нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады.

Олар жоғары оқу орындарының студенттері үшін сабақтарды тоқтатуға, жұмыс берушілерге 2020 жылдың 27 қаңтарына жұмыс кестесін қайта қарап, қысқартуға кеңес берді.

«Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармаған жөн. Дегенмен, балабақшалар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.

Еске салайық, ауа райының күрт нашарлауына байланысты елордада 0-12 сыныптар үшін бірінші және екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Сондай-ақ, қаладан шықпауға, қоғамдық көліктермен жүруге кеңес берілді.

Қазір оқып жатыр

Алматы тауларында ақырған аю даусынан үрейленген туристер құтқарушылар көмегіне жүгінді

Аю

Тимур Турлов FIDE-нің Ресейге қатысты басты ұстанымын айтты

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті