USD
USD
USD

Елордада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті

Нұр-Сұлтан қаласында жолды кесіп өткен әйелді қоғамдық көлік қағып кетті, деп хабарлайды CTS жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің баспасөз қызметі.

Елордада жолдан өтіп бара жатқан әйелді автобус қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. «№40 автобус жүргізушісі жолды жаяу жүргіншіге арналған белгі жоқ жерден кесіп өткен әйелді қағып кетті. Жүргізушінің айтуынша, ол аялдамадан енді ғана қозғалған. Жол тайғанақ болғандықтан әйел тепе-теңдікті сақтай алмай құлаған. Дегенмен автобус жүргізушісі дер кезінде тоқтап, жедел жәрдем шақырған», - деді аталған мекеменің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, оқиға орнына полиция қызметі шақырылып, қоғамдық көлік жүргізушісінен түсінік алынды.

Одан әрі істің анық-қанығына жету үшін материал тексеруге жіберілді.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты полиция департаменті де түсінік берді.

«3 ақпан күні сағат 11:40-та Тәуелсіздік даңғылы бойындағы аялдамадан жүре бастаған автобус жүргізушісі жолды белгі жоқ жерден кесіп өткен әйелді қағып кетті. Дене жарақатын алған зардап шегуші ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан соң үйіне жіберілді. Оқыс оқиғаға қатысты анықтау шарасы жүріп жатыр», - делінген ақпаратта.

Осы орайда қалалық полиция департаменті жаяу жүргіншілерді жол ережесін бұзбауға және сақ болуға шақырады.


 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино