USD
USD
USD

Елордада жоғалған балалар табылды

Өткен түнде елордада жоғалған балалар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаменті.

Елордада жоғалған балалар табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, полицияның 102 нөміріне қала тұрғынынан 9 және 11 жастағы балаларының жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Осыған қарай елорда Полиция департаментінің жеке құрамы түгел балаларды іздеуге жұмылдырып, олардың баруы мүмкін барлық жер тексерілді.

Елорда сақшылары қаланы жаяу шолып жүріп, балаларды 27 шілде күні тапты. Кеше түнгі сағат 02:00-дер шамасында Нұр-Сұлтандағы Тархан көшесінде полиция қызметкері Нұржанғани Бүркіт із-түзсіз жоғалды деп жарияланған екі баланы байқап қалған. Тәртіп сақшылары балаларды «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасына жеткізді. Белгілі болғанындай, балалар күндіз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алдымен анасы балаларды өзі іздеп таппақ болған. Алайда өзінің әрекетінен нәтиже шықпаған соң ол келесі күні полицияға шағымданған. Бұл әйел балаларының түнде үлкендердің қарауынсыз жібергені үшін осыған дейін де бірнеше мәрте әкімшілік жауапқа тартылған. Осыған қарай қазір бұл отбасы бақылауға алынды. Ал балалар аман-есен үйлеріне қайтты.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, асырау және білім беру бойынша жауапкершілік қарастырылғанын еске салады»,-делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт