USD
USD
USD

Елордада жылу батареяларын ұрлаған ер адам ұсталды

Елордада 100-ге жуық жылу батареясын ұрлаған азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жылу батареяларын ұрлаған ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Астана қаласында ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Белгілі болғандай қаладағы ЖШС-нің бірінің басшысы Сарыарқа АПБ полиция бөліміне хабарласып, серіктестік аумағынан шойын батереялардың жоғалғандығын айтып, жүгінген.

Қазіргі уақытта 93 жылыту батареясын ұрланғандығы анықталып, шығын мөлшері есептеліп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 33 жастағы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғынын анықтады.

Анықталғандай ол бұрын осы серіктестікте жұмыс істеген. Сондықтан жылу батареяларының қайда орналасқанын және қай уақытта алып шығу ыңғайлы екенін жақсы біліп, қылмысын жоспарлы түрде жасаған. Қолға түскен жігіт жылу батареяларын металл қабылдау орындарына тапсырып, алған қаражатты өз қажеттігіне жұмсаған.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар