Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады.

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады. Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың. Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» онлайн-акция өтеді.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Отан ана» монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, «Даңқ» гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде өтеді. 9 мамырда «Солдатский котелок» ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған "Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты лекцияға қосылуға шақырады. Астаналық цирк мереке құрметіне көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындады.

Қазір оқып жатыр

Көрерменге кімнің сөзі өтімді болды? Теледебаттағы дауыс беру қорытындысы шықты

.

«Экономикалық романтиктер»: Respublica ЖСДП-ның сынына жауап берді

.

eGov-тағы 15 млн адамның дерегі darknet-ке тарады ма? Министрлік жауап берді

Комп

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.