Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүре ме?
Елордада жексенбі күні карантин шараларының күшеюіне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады.
Алматы, NEGE. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. Дүйсенбі, 19 қазаннан бастап автобустар әдеттегідей жүретін болады. Сондай-ақ City Transporation Systems автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғаны туралы еске салды. Жолаушылар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Сонымен қатар компания қоғамдық көліктерде тазалау мен санитарлық өңдеуге күнделікті негізде ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
«Соңғы аялдама пункттерінде жүргізушілер өздері дезинфекциялық ерітіндімен ылғалды тазалау жүргізеді. Жолаушылар жиі ұстайтын тұтқаларды, турникеттерді тазалауда ерекше назар аударылады. Айта кету керек, елорданың қоғамдық көліктерін санитарлық өңдеу үшін құрамында хлор бар дезерітінді қолданылады», – деп түсіндірді City Transporation Systems.
Қазір оқып жатыр
«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады
Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?
Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан