USD
USD
USD

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейтін болды

Жексенбі, 31 қаңтар күн елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қалада және қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейтін болды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтан әкімдігінен мәлім еткендей, бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Дүйсенбіде барлық бағдарлар штаттық режимде қатынай бастайды. Айта кетейік, карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. Елорда стационарларында коронавирусқа шалдыққандар санының артуына байланысты медицина қызметкерлері тұрғындарға үндеу жасап, санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін еске салған болатын. Сондай-ақ қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, елордада ұйымдар мен кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% қашықтан жұмыс істеуге көшірілді. Қоғамдық көліктің кестесі жұмыс және сенбі күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін белгіленді, жексенбі күндері жұмысы тоқтайды. Бұдан бөлек, сауда, ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының қызметіне демалыс күндері тыйым салынған (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататын шағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда). Өткен бір тәулікте Нұр-Сұлтанда коронавирустың жаңадан 125 жағдайы анықталды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.