USD
USD
USD

Елордада Жаңа жыл түнінде 16 сәби дүниеге келді

 Елордада Жаңа жылда 16 сәби дүниеге келді. 

Елордада Жаңа жыл түнінде 16 сәби дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Нұп-Сұлтан, NEGE. «Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні елордада 16 нәресте дүние есігін ашты. Жаңа жылдың бірінші күні көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала туды», - делінген басқарма хабарламасында.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, орта есеппен бір тәулік ішінде 80-90 баланың дүниеге келеді деп күтілуде. Сонымен бірге, жаңа жылда Нұр-Сұлтанның 125 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарып, 355 фельдшер мен жүргізуші шақыртуларға шыққан. Оның ішінде алғашқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарының бригадалары да бар. Еске салсақ, 2030 жылға қарай халықтың 27,4%, ал 2050 жылға қарай 36% астамы республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тұратын болады.

Қазір оқып жатыр

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.

Алматыда электросамокатпен келе жатқан ер адам қаза тапты

Элеткрсамокат

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан