USD
USD
USD

Елордада жаңа спорт кешені салынды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Өндіріс елді мекенінде дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылады, деп хабарлады қала әкімдігі. 

Елордада жаңа спорт кешені салынды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Жаңа кешен құрылысы «Елорданың тұрғын алаптарын дамыту туралы» тұжырымдамасы аясында салынды. Жаңа спорт нысаны Өндіріс және С 638 көшелерінің қиылысында бой көтерді. Ол жергілікті тұрғындардың бұқаралық спортпен шұғылдануына ыңғайлы болмақ. Толықтай жабдықталған нысанда футзал, волейбол және баскетбол алаңы бар.
Сол сияқты дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде арнайы балалар мен жасөспірімдер үшін карате, самбо, кикбоксинг, муай-тай, киокушинкай, грэпплинг, пауэрлифтинг, қол күресі, таеквондо, панкратион, қазақ күресі, джиу-джитсу сынды спорттың 12 түрінен үйірме ұйымдастырылады. Оған 350 бала тартылмақ.
 
Жаңа спорт нысанында жаттығатын балалар болашақта республикалық және халықаралық жарыстарға қатыса алады. Ал үздік жас спортшылар Нұр-Сұлтан қаласының құрамасына, сол сияқты ұлттық құрамаларға іріктеледі.
 
Айта кетейік, жаңа кешеннің ішінде күреске арналған 215 шаршы метр зал, 93,2 шаршы метр аумақта жаттығу залы, 595 шаршы метр аумақта әмбебап зал жасақталған. Бұдан бөлек, ғимарат ішінде қарттарға арналған клуб пен оқырман залы бар кітапхана болады.
 
Айта кетейік, Байқоңыр ауданының әкімдігі аталмыш елді мекен тұрғындарына жайлы жағдай жасап, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымның дамуына баса мән береді.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов