USD
USD
USD

Елордада жаңа саябақ ашылады

Елорданың тұрғын алабында жаңа саябақ құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жаңа саябақ ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Біз әр ауданда, әр елді-мекенде арнайы орындардың болғанын қалаймыз. "Көктал" елді-мекенінде үлкен саябақтың құрылысы жүргізіліп жатыр. Ол үш аймақтан тұрады. Біріншісі - тыныш демалыс аймағы. Ол жерд амфитеатр болады, 4 мың 300-ден астам ағаш отырғызамыз. Екінші аймақ - спорттық демалысқа арналады. Ол жерде футбол алаңын, волейбол және баскетбол алаңын, теннис кортын орнатамыз. Сондай-ақ, скейтбордтық алаң және йога орны болады", - деп жазды қала әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында.

Үшінші аймақ - балалардың демалысына арналған орын. Барлық аймақтарды қыста да қолдануға болады. Тұрғындар конькимен, шаңғымен және басқаларымен шұғылдана алады.

"Жалпы биыл 50 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) және 150-ге жуық ауланы абаттандырамыз. Сонымен қатар, елді-мекендерде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, тағы біреуі келесі жылы басталады", - деп атап өтті Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция