15 Желтоқсан 18:57
...

Елордада үш арысқа ескерткіш орнатылып, жазушылар үйі ашылды

Фото:

Елордада Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қазақ әдебиетінің алыптары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров және Бейімбет Майлинге ескерткіш орнатылды. Сондай-ақ, Жазушылар үйі ашылды.

Алматы, NEGE. Шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын-жазушылар Марфуға Айтқожина, Әнес Сарай, Несіпбек Айтұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, сондай-ақ жас қаламгерлер қатысты.

«Ұлтымыздың тар жол тайғақ кешкен жылдарын романының атауымен астарлап жеткізіп, қазақ атауын құжат жүзінде қайтарған Сәкен Сейфуллин мұрасының біздің руханиятымызда алатын орны ерекше. Бүгінде қаламызда музейі жұмыс істейді. Енді міне ескерткіші ашылып отыр. Бейімбет Майлин өзінің жазушылығымен қатар, елді сауаттылыққа үндеп, алғашқы «Қазақ» газетіне, «Айқап» журналына және басқа да басылымдарға тұрақты мәселелерді жазған журналистігімен де көп еңбек сіңірді. Драматургтығы бір төбе. Әңгімелері әлі күнге дейін өзектілігін жоймай, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде пайдаланылып келеді. Ілияс Жансүгіров – қазақ фольклорын дамытқан тұлға. «Күйші», «Құлагер» поэмалары – тұнған тарих. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладағы келелі ойлардың негізінде дүниеге келген бұл туындыны көптің қуанышы деп білемін. Бұл ескерткіш өткенге құрмет қана емес, тарихымызға қойылған бірегей белгі, болашаққа деген кәміл сенім. Азат елдің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының төрінде тағдыры да бір, өмірі де ұқсас ұлтымыздың Ұлы перзенттеріне арналған ескерткіштің тұруы – заңдылық. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болады деген үміттемін», – деді А.Көлгінов.

Әкім сɵз арасында келер жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы ɵтетiнiн еске салып, ақынның шығармаларында айтылған ойын ɵзге тiлдерге дəлме-дәл аудару керектiгiн айтты. 

Нұр-Сұлтандағы Жазушылар үйін қала әкімдігі елордалық қаламгерлерге ұсынып отыр. Сондай-ақ қала әкімдігінің қолдауымен материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Екі қабатты ғимаратта мәжіліс залы, кітапхана, баспа редакциясы, шығармашылық қызметпен айналысатын орындар қарастырылған. Оның жалпы шығыны да əкiмдiк тарапынан ɵтеледi. 

"Нұр-Сұлтан қаласында бүгiнгi таңда 150-ге жуық Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi бар. Тəуелсiздiк күнi қарсаңында əдебиет əлемiнде үлкен қуаныш болып жатыр. Ең алдымен осы күзде Абай кɵшесiнiң бойында "Қаламгерлер аллеясында" ұлтымыздың үш арысы, бəйтерегi – Сəкен, Iлияс, Бейiмбет сынды тұлғаларымызға əдемi ескерткiш қойылды. Сонымен қоса "Шұбар" ықшам ауданында, екi жағалаудың түйiскен жерiнде Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалына жаңа ғимарат берiлдi. Осыған дейiн мұнда Жазушылар одағының бɵлiмшесi болған. Бiрақ ɵзiне сай ғимараты жоқ едi. Ендi бас қаламызда қанша жазушы болса, бəрi бiр-бiрiмен сұхбаттасып, ой алмасып, бос уақыттарын кɵңiлдi ɵткiзетiн орталық болады. Жазушылар үшiн мұнда жақсы жағдай жасалып отыр", – дедi Жазушылар одағының тɵрағасы Ұлықбек Есдəулет.
 

Тегтер: