USD
USD
USD

Елордада тасқынға қарсы сақтық шаралары күшейтілді

Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Комиссия қала аумағында су басу қаупі бар 30-дан астам учаскелерді анықтады. Көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елордада тасқынға қарсы сақтық шаралары күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ арықтарды, нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан басқа, Есіл өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары аяқталды. Арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Су тасқынына қарсы іс-шараларды күшейту қажет. Елді-мекендерге баса назар аударуымыз керек. Жеке сектор тұрғындарына үйлерінің шатырларын және іргелес аумақтарын қардан уақытылы тазалау туралы хабарлама беріліп жатыр. Тұрғындар ауласындағы қарды жол жиегіне шығарып жинаған кезде ғана коммуналдық қызметтер алып кете алады. Елді-мекендер ерекше бақылауда: Ильинка елді-мекенінде дамба нығайтылды, ал Көктал-1 елді мекенінде уақытша жер үйінділері салынды. Өндіріс елді-мекенінде өзен арнасын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бұл өзен суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді», –  деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

 Қала мен шеткері аймақтарды су тасқынынан қорғайтын контрегулятордың жұмыс режимі бекітілді. Көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» каналына дейін жұмыс істеп тұрған арнаның өткізу қабілеті арттырылады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде қар тазалау жұмыстарын атқарып жатыр. Бүгінде қала аумағынан 4 млн 600 мың текше метр қар шығарылды. Өткен қыста шығарылған қар көлемі екі есе аз болды. Былтыр тек 1 млн 900 мың текше метр қар шығарылды.

«Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық орталығының директоры Марина Шмидт атап өткендей, «былтыр қыста жауған қардың көлемі – 102 мм болса, биыл қыста қараша мен ақпан аралығында жауған қар көлемі 173 мм болып отыр. Бұл шамамен екі есе нормадан жоғары» (бір айдың нормасы – 15 мм болса, 15 күнде 34 мм қар жауды). «Осы қыста 4 рет боран болды. Бұл коммуналдық қызметкерлердің жұмысын едәуір қиындатты. Сәрсенбі күні жаңбыр жауса, бейсенбі күні қар күтілуде. Бейсенбіде жауын-шашын мөлшері көп болады – нормадан жоғары. Екпінді жел күтіледі», – деді Марина Шмидт

Қазір оқып жатыр

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

альпинист

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев