Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада рұқсатсыз медициналық құралдар мен препараттар сатқан 23 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері медициналық құралдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдті жалғастырып жатыр.

Елордада рұқсатсыз медициналық құралдар мен препараттар сатқан 23 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрілік препараттар мен медициналық құралдарды заңсыз өткізу фактілерін анықтау бойынша өткізілген жедел-алдын алу іс-шараларының төрт күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тиісті рұқсатсыз медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз өткізген 23 адамды ұстаған. Тәркіленген препараттардың жалпы сомасы тоғыз миллионнан астам теңгені құрайды. Осылайша, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Дүкенұлы көшесінің бойында 35 жастағы қала тұрғыны ұсталып, одан жалпы сомасы бір жарым миллионға жуық теңгені құрайтын медициналық қолғаптар, антисептиктер тәркіленген. Сонымен қатар рейд барысында жарты миллионнан астам теңге сомасына медициналық бетперде сатпақ болған 33 жастағы қала тұрғыны ұсталған. 7 шілдеде сағат 17.15-те полицейлер екі азаматтың медициналық өнімдерді заңсыз өткізу фактісін анықтаған, олардың автокөлігінің жүксалғышында 180 мың теңге сомасына жалпы көлемі 100 литр болатын канистрадағы антисептик, 350 мың теңгеге медициналық бетперде болған. Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Нұр-Сұлтан қаласынының Полиция департаменті азаматтардан заңсыз дәрілік құралдарды сату фактілерін білетін болса полицияға хабарласуларын сұрайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада ер адам темекі тұтатқан сіріңкесін лақтырып, тұрақта тұрған көлікті өртеп жіберген

Көлік өрті

Блогер Қайсар Камза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізіліп жатыр

Қайсар Қамза

FIFA 4,2 млрд долларлық жобаға байланысты кешірім сұрады

Джанни Инфантино

Теледебат кезінде депутаттыққа кандидатқа Ленин туралы сұрақ қойылды

Бейбіт Құсайынов