USD
USD
USD

Елордада полиция қызметкерлері соғыс ардагеріне ізет көрсетті

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков пен Нұр-Сұлтан қалалық ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Кішкентаев 94 жастағы екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Өтен Мұстафиннің үйіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада полиция қызметкерлері соғыс ардагеріне ізет көрсетті
Фото: NEGE.kz

Елорда, NEGE. Олар соғыс ардагерін Жеңіс мерекесімен құттықтап, майдан даласында көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін алғыс білдіріп ұзақ ғұмыр тіледі. Сонымен қатар Өтен Мұстафинге естелік медаль табыс етті. «Біз сіздердің алдарыңызда мәңгілік қарыздармыз. Бейбіт өмір үшін қаһармандық танытып, жанқиярлық ерлік жасадыңыздар. Сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз және мықты денсаулық, бақуаттылық пен бейбітшілік тілейміз», -деді Өмірзақ Болсамбеков. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Өтен Мұстафин 1926 жылдың 15 тамызында Қостанай облысының Меңдіқара ауданында дүниеге келген. Әскер қатарына 1944 жылдың 15 желтоқсанында алынып, 1945 жылдың наурызында ІІ Беларус майданына, Минск қаласын жаудан азат етуге, сәуірде 303 атқыштар полкінің құрамында Одер өзені үшін болған үлкен шайқасқа қатысқан. Елге келген соң ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және 6 мерекелік медалімен, ішкі істер саласындағы үздік қызметі үшін 5 медальмен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy