USD
USD
USD

Елордада өзін өртеген әйел ауыр халде жатыр

Ол Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 млн теңге салып, ақшасын қайтара алмаған.  Нұр-Сұлтандағы ІІМ ғимаратының алдында өзін өртеген әйел ауыр халде, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада өзін өртеген әйел ауыр халде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1990 жылы туған әйел денесінің кейбір бөліктерін күйік шалған. 

"Жедел жәрдем зардап шегушіні №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізді. Науқас шокқа қарсы палатаға жатқызылып, оны комбустиолог, реаниматолог, токсиколог, терапевт мамандар қарап шықты. Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, ол күйік шогы, күйіктің ауданы мен жарақаттың тереңдігі айтарлықтай болғандықтан реанимация бөліміне жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде пациентке медициналық көмек көрсетіліп жатыр.  "Науқас ОАРИТ қызметкерлерінің бақылауында. Оның денсаулық жағдайы әлі де ауыр деп бағаланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше елордада қаржы пирамидасына алданған салымшы өзін өртеп жібергені туралы хабарланған. Әйел Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 млн теңге салып, ақшасын қайтара алмаған.

Қаржы пирамидасы 2020 жылы құрылды. Оны танымал вайнерлер Әзімжан Саидбаев, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов жарнамалады. Кейін Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Алматы полиция департаменті бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танып, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер