USD
USD
USD

Елордада науқастарға арналған төсек-орын саны артады

Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19-бен ауырған 5984 адам тіркелді.

Елордада науқастарға арналған төсек-орын саны артады
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Олардың жартысынан көбі емделді. 61 адам көз жұмды. Қазір қала басшылығы төсек-орындарды көбейту үстінде. Олардың 3700-і 13 стационарда. Мұндай мәліметтерді Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келтірді.

Қала басшысы КВИ расталған жүкті әйелдерге арналған перинаталдық орталық жеке ашылғанын айтты. Бірінші қалалық аурухана жұқтырғандарды емдеуге толығымен көшті. Оқу орындарының жатақханалары базасында мыңнан астам төсек-орын ашуға дайын. 200 ИВЛ аппараты, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторлары және 2 КТ жеткізіледі деп күтілуде.

«Томографтарға жүктемені біркелкі бөлу үшін біз Нұр-Сұлтан клиникаларын республикалық, сондай-ақ жеке меншік клиникаларын тарттық. Мысалы, КТ жақын маңдағы емханаларда қызмет көрсетеді. Травматология ғылыми орталығы да пневмонияны ерте кезеңде анықтау үшін тартылған»,- деп атап өтті әкім.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Бурабайда шетелдік ғалымдар Өр Алтайдың түркі өркениетіндегі тарихи рөлін талқылады

.

Тимур Турлов FIDE президенті болып сайланды

Тимур