USD
USD
USD

Елордада мереке күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Елордада 16-19 желтоқсан аралығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада мереке күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Келушілер таңғы 8-ден кешкі беске дейін қажетті өнімдерді ала алады. Өз өнімдерін Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері, сондай-ақ астаналық аграршылар ұсынады.

Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінің барлық түрлері сатылады: сүт, бакалея, шұжық, ұн, балық және т. б.

Келушілер сиыр етін шамамен 2000 тг/кг, жылқы етін - 2200 тг/кг, қазы, жая - 2500 тг/кг сатып ала алады.

Айта кету керек, жәрмеңке санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі. Келушілер мен қатысушылар бетперде киюі керек, қол гигиенасы мен әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Бұдан әрі жәрмеңке апта сайын әр сенбі және жексенбі күндері мына мекен-жайда өтеді: Пригородный тұрғын алабы, Арнасай көшесі, 109 ғимарат.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе