USD
USD
USD

Елордада маска тегін таратылды

Елордалық кәсіпкер Ернұр Болатұлы жуналистерге, қала тұрғындарына және көше тазалығына жауапты жұмысшыларға тегін маска таратты. Бұл жайында inform.kz жазды.

Елордада маска тегін таратылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпкер өз ісімен халықты коронавирус індетімен бірлесіп күресуге шақырғысы келеді.

«Бұл – еліміздің, тіпті бүкіл әлемнің басына түскен сынақ. Осындай жағдайда дертпен бүкіл адамзат баласы бірлесіп күресуі тиіс. Өкінішке орай, бір-бірімізге қол ұшын бергеннің орнына, қажетті заттардың бағасын көтеріп, бетперделерді қымбатқа сатып жатқан кейбір алыпсатарлардың ісі мені қатты ойландырды. Қолымнан келгенше солардың қолындағы маскаларды жинап алып, халыққа тегін таратайын деп шештім. Әрине ең әуелі алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау білдіруіміз керек. Сонымен бірге жарқұлағы жастыққа тимей халықты ақпаратпен қамтамасыз етіп жатқан журналистердің еңбегі ерекше деп айтқым келеді. Осындай қиын сәтте далада жүрген көше тазалықшыларының да еңбегі ерен. Сол үшін алғашқы маскаларды осы кісілерге тараттық. Барлықтарыңызға белгілі, биыл – Волонтер жылы. Осы орайда барлық кәсіпкерлерді қиын күнде халықпен бірге болуға шақырамын», – дейді Е.Болатұлы.

Қазір оқып жатыр

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер

Қазақстан Ресей мұнайын өңдеп, кейін кері жөнелтуі мүмкін

мұнай өңдеу