USD
USD
USD

Елордада мас жүргізуші бойжеткенді қағып кетті

Елордада «Lexus» маркалы автокөліктің жүргізушісі Бөкейхан көшесімен келе жатып, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 24 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Елордада мас жүргізуші бойжеткенді қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжаттарын тексеру барысында полиция қызметкерлері 56 жастағы жүргізушіден ішімдіктің исі шығып тұрғанын байқаған.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша ол мас күйінде болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бойжеткен дене жарақатын алып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілген соң ол ауруханадан шығарылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сол күні түнгі уақытта куәгерден полицияға «Тойота камри» автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізгені туралы хабарлама келіп түсті. 25 жастағы құқық бұзушының ұсталған сәті полицейдің бейнетіркеу құралына жазылып қалған. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас күйде көлік жүргізген.

Елордалық полицейлер үш тәулікте 5 мас жүргізушіні ұстаған. Барлық жүргізушілер жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік соттың шешімімен тәртіп бұзушылар 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Автокөліктер коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер