USD
USD
USD

Елордада мас адам бөтеннің жолда тұрған көлігін айдап кеткен

Елордада мас азамат өзгенің көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада мас адам бөтеннің жолда тұрған көлігін айдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның автокөлігін айдап кеткені жайлы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол көлігін оталған күйі есік алдында қалдырып, өзі Алматы ауданындағы мейрамханалардың біріне кіріп кеткен.

Көп ұзамай сыртқа шыққанда көлігінің орнында жоқ екенін көрген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полиция қызметкерлері көлікті айдап кетуге қатысы бар деген күдікпен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында түнгі уақытта ер адам масаң күйде такси қызметін пайдалану үшін мейрамхананың алдында тұрған автокөлікке тақалғаны анықталды. Есігі ашық қалған көлікте жүргізушінің жоқ екенін және кілттерінің ішінде жатқанын көрген қаскүнем темір тұлпарды айдап әкеткен.

Ер адам бір көшедей жүріп өткен соң автокөлікті жол бойында қалдырып, өзі белгісіз бағытта кетіп қалған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар