USD
USD
USD

Елордада күн сайын өкпе қабынуымен 250-300 адам ауруханаға түсіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы өкпенің қабынуымен ауруханаға түсетін науқастар санын жариялады.

Елордада күн сайын өкпе қабынуымен 250-300 адам ауруханаға түсіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE.  «Ресми ақпаратқа сәйкес, маусым айында өкпесі қабынған адамдар саны өткен жылғы маусыммен салыстырғанда 2,2 есеге артты. Яғни, 1 700 пневмония жағдайы тіркелді. Күн сайын шамамен 200 адам ауруханаға түседі, соңғы күндері бұл цифр 300-ге де жетті. Сонымен бірге, амбулаториялық кезеңде науқастар үйде ем-дом алып жатыр», - деді басқарма басшысы Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн конференцияда.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, елордада 5 894 адамда коронавирус инфекциясы расталды. Олардың арасында 1 224 адамның өкпесі қабынған.

«Күн сайын 250-300 адам ауруханаға түссе, соншалықты адам емделіп шығып жатыр. Бұл – дәрігерлеріміздің үлкен еңбегі», - деді Алтай Көлгінов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов

Тоқаев Қорғаныс министрлігін тексеретін арнайы комиссия құрды

Ақтаудағы сарбаз өлімі