USD
USD
USD

Елордада күн райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиіледі

Нұр-Сұлтан қаласында күн райының қолайсыздығы салдарынан жол-көлік оқиғасының саны артты, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті

Елордада күн райының қолайсыздығынан жол-көлік оқиғасы жиіледі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Елордалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетовтің айтуынша, бүгін таңғы сағат 7:00-ден бері қала аумағында 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Күн райы бұзылып, жауын-шашынның түсуіне байланысты аталған ведомство астаналық көлік жүргізушілерге жолда сақ болу керектігін ескертеді. Яғни жол жүру ережесімен қатар, жылдамдық режимін, қауіпсіздік қашықтығын және маневр жасау ережесін қатаң сақтауға шақырады.

«Көлік жүргізушілер үшін басты қауіп ылғалды асфальт. Жол тайғақ, оның үстіне түнгі қатқақ басталды. Бұл жағдай көлік құралдарының тежеу жолының ұлғаюына ықпал етеді. Сондай-ақ, елорда полицейлері қауіпсіздік мақсатында жүргізушілерден көліктің жазғы дөңгелегін қысқыға ауыстыруға кеңес береді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер де жолда сақ болған жөн», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов