USD
USD
USD

Елордада көшеде жүруге қатаң тыйым салынады

Нұр-Сұлтанда адам көп жиналатын орындар, кинотеатрлар, сауда ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар/кафелер (онлайн-тапсырыстардан басқа) сәуір айының соңына дейін жабық күйінде қала береді. Қоғамдық көлік те жұмыс істемейді. Бұл туралы қалалық штаб өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордада көшеде жүруге қатаң тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Штаб өкілдері Президент тапсырмасына сәйкес карантин режимінің сәуір айының соңына дейін ұзартылғанын тағы да ескертеді. 

"Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Қазіргі таңда біз осы жағдайға немқұрайлы қарап жатқан тұрғындардың бар екенін көріп отырмыз. Көшеде жүруге қатаң тыйым салынады. Инфекцияның таралуына және коронавирустың өршуіне жол бермеу қажет. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойлаңыз", - делінген штабтың хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu