USD
USD
USD

Елордада коронавирустың күрт өршуіне «омикрон» штамы себеп болып отыр

  Елордада «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. 

Елордада коронавирустың күрт өршуіне «омикрон» штамы себеп болып отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, өткен екі аптада вирус күніне 80 адамнан анықталып жатты. Соңғы бес күнде аурушаңдық деңгейі 5,5 есеге артты. Репродуктивті саны-3,2 . Үлес салмағы – 376,6 құрайды. Бүгінде жаңа жағдайларды тіркеу саны 1442-ге жетті. Қаңтардың алғашқы 10 күнінде барлығы 4622 жағдай тіркелді, бұл өткен желтоқсан айының барлық көрсеткіштерінен 1,7есеге артық екенін көрсетіп тұр. Өткен жылдың желтоқсан айының соңында жүргізілген молекулярлық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша бір сынамада КВИ-дың іріктелген 25 оң сынамасынан «Омикрон» штамы анықталды.

Бұл жағдай 16 желтоқсанда шетелден келген қала тұрғынынан да анықталды. Ол ПТР тестінің теріс нәтижесімен келді, бірақ 22 желтоқсанда тамақ ауруымен медициналық көмекке жүгінді, содан кейін тексеріліп, оң материалды біз тексеріске жібердік. Мұндай күрт өсудің негізгі себептерінің бірі – «омикрон» коронавирусының жаңа штамының таралуы және азаматтардың қала бойынша белсенді қозғалысымен байланысты. Сонымен қатар қорғаныс шараларын елемеуі, чғни маска тақпау, адамдар көп жиналатын жерлерге баруы себеп болып отыр. «Егер сізде ПТР тесті оң болса немесе сіз науқастармен тығыз байланыста болсаңыз, онда сіз үй карантинінде болуыңыз керек, өйткені сіз басқаларға үлкен қауіп төндіруші екенін ұмытпауды сұраймыз» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Семейдегі матчтан кейін басы дауға қалған төреші бес тәулікке қамалды

Арман Исмұратов

Қазақстандықтардың жеке деректері шетелде жабық сайт арқылы сатылған

жеке деректерді тарату

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат