USD
USD
USD

Елордада коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды.

Елордада коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай
Фото: NEGE.kz

Астана,  NEGE. Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта инфекциялық төсектер 12% жүктелген.

24 наурыз күнгі дерекке сәйкес, стационарларда КВИ жұқтырған 39 пациент жатыр. Оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына 3 адам қосылған, 12 адам реанимацияда ем қабылдауда.

Қалада коронавирус инфекциясынан өлім-жітім төмендеген. Денсаулық ведомствосы бұған КВИ-ге қарсы вакцинация айтарлықтай ықпал еткенін атап өтуде.

Сондай-ақ балалар мен жүкті әйелдер арасында да инфекция азайды. Қазір індетті жұқтырған жүкті 2 әйел ем қабылдауда.

Инфекциялық төсек жүктемесінің төмен болуына байланысты 275 орын бос. Оның ішінде 54 төсек реанимацияда орналасқан.

«Елордада 490 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті. Бұл белгілі бір иммундық қабатты қалыптастырды», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан. Ал 102 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өтті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

Porsche көлігімен сағатына 197 шақырым жылдамдықпен жүрген астаналық 10 тәулікке қамалды

жылдамдықты асыру