USD
USD
USD

Елордада көпқабатты тұрғын үй құлағалы тұр ма?

Ел астанасындағы тұрғын үйлердің бірінің құлайын деп тұрғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлады «Елорда Даму» ЖШС ресми сайты.

Елордада көпқабатты тұрғын үй құлағалы тұр ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мекеме сайтының хабарлауынша, жалған мәлімет айтылған видеоны таратқан адамды анықтау үшін материал құқық қорғау органдарына табысталды. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде белгісіз адамның бейнехабарламасы тарап жатыр. Ол Уәлиханов көшесіндегі 25-үйдің шөгіп бара жатқанын және құлау қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген. Осыған байланысты қалалық сапаны бақылау басқармасы, тапсырыс беруші, мердігер ұйым мен қызмет көрсетуші ұйым өкілдерінен құралған комиссия 11 шілде күні тұрғын үйді қарап, тексерістен өткізді. «Тексеру барысында құрылыстың сапасыздығы расталмады, сол себепті ғимаратқа құлау қаупі төніп тұрған жоқ» деп атап өтті комиссиядағылар. Жалған ақпарат таратқан азаматты анықтау үшін видео құқық қорғау органдарына табысталды.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана