USD
USD
USD

Елордада қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы Қаулыға қол қойды. Құжат 18 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды  қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Қол қойылған құжатқа сәйкес меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге тиіс. Сондай-ақ, сауда, қызмет көрсету нысандарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыстар күшейтілуде. Жексенбі күндері елордада СОО, СО, СҮ (онда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және қызметі орналасқан жеріне қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ, сол сияқты қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынады. Қаулының толық мәтінімен astana.gov.kz сілтемесімен өтіп, танысуға болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер