USD
USD
USD

Елордада қасқыр итті талап тастады

Елордалық полицейлер қаңғыбас иттер туралы хабарлауды сұрайды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада қасқыр итті талап тастады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. 27 желтоқсан күні сағат 21:00-де “102” арнасына қала тұрғынынан Панфилов көшесінің бойында итті талап тастаған қасқырдың жүргені туралы хабарлама түсті. Көрсетілген мекен-жайға шұғыл жасақ жіберілді және факт расталды. Полиция қызметкерлері қасқырға жақындағанда жыртқыш агрессия көрсетіп, шабуылдауға тырысты. Сол себепті оған қарсы табельдік қару қолданылды.

Оқиға орнына шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Астана ветсервис” қызметкерлері жануарларды қарап шығып, бұл қаңғыбас иттер деп қорытынды шығарып және оларды арнайы автокөлікпен алып кетті.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жабайы жануарлар мен қаңғыбас иттер табылған жағдайда оларды ұстап алу және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін “Астана ветсервиске”, әкімдікке немесе полицияға хабарлауды ескертеді.
 

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп