USD
USD
USD

Елордада карантин талаптарын сақтамаған 23 мекеме жауапкершілікке тартылды

Елордада карантин талаптарын бұзған мекемелер анықталды. 

Елордада карантин талаптарын сақтамаған 23 мекеме жауапкершілікке тартылды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Елорданың мониторингтік топтары күн сайын күшейтілген режимде жұмыс істей отырып, карантин талаптарын бұзушыларды анықтайды. Екі тәулік ішінде шектеу шараларын сақтамаған 23 мекеме жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

Өткен екі күнде, яғни 8 және 9 қазанда елорданың мониторингтік топтары 23 кәсіпкерлік нысанында карантин талаптары бұзылғанын анықтады.

Байқоңыр ауданында «Ирис» түнгі клубында және «Токио» ойын клубында карантин тәртібі ескерілген жоқ, осылайша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Карантиндік шаралардың сақталмауы Алматы ауданында «Зейне» және «Целена» кафелерінде, «ЧБД» клубында, «Партизан» барында, «Алас» саунасында, «Endorphin» саунасында, «Алексеевские» саунасында, Байтұрсынов көшесі, 1 атмосфералық барда, Абылай хан көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша «Панаехали» екінші барында байқалды. Бұзушылар тізіміне сондай-ақ «Ashyq» қосымшасынсыз жұмыс істеген «Sova» бары, «Дача» саунасы, «Любимый» және «Киш Миш» кафелері кірді.

Мониторингтік топ Сарыарқа ауданындағы «Айриш паб» түнгі клубын, «Қарақат», «Ямайка», «Барашка», «Жарқыл», «Бақыт», «Күнжіт» кафелерін және «Champ» ойын клубын тіркеді.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жіберілді.

Айта кету керек, індет көрсеткіші төмендегеніне қарамастан екпе алып, ұжымдық иммунитетті дамытудың, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтаудың маңызы зор.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы