USD
USD
USD

Елордада карантин талаптарын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Сот барлығы 14 нысанның қызметін тоқтатты және жалпы сомасы 3 781 605 теңгеге әкімшілік айыппұл салды. Демалыс күндері мобильді топ кезекті рейд барысында отбасылық іс-шара өткізгендерді анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада карантин талаптарын бұзғандарға 58 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Балқантау көшесіндегі «Бақсарай»мейрамханасында екі күн ішінде 50 жылдық мерейтой мен үйлену тойы өтті. Карантиндік талаптар сақталмаған залда 80-нен астам адам болды. Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемилогиялық бақылау департаментіне жолданды. Сондай-ақ, 23:00-ден кейін жұмыс істеген «Respawn» компьютерлік клубы, ал оның ішінде 15 адам болғаны анықталды. «Дуранг кафесінің де жұмыс режимін бұзғаны белгілі болды. Барлық материалдар санэпидбақылау қызметіне жіберілді. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сот "ZOLOTO" мейрамханасының қызметін бір айға тоқтата тұру туралы қаулы шығарған болатын. Шешімді орындау үшін 11 ақпанда мекеменің алдыңғы есіктеріне мөр басылған қағаз ілінді. 15 ақпандағы жағдай бойынша қалада карантиндік шектеулердің 330-дан астам бұзылуы анықталды. Оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 67, Байқоңыр ауданы бойынша – 82, Есіл ауданы бойынша – 104, Сарыарқа ауданы бойынша - 82. 1 қаңтардан бастап бүгінге дейінгі аралықта шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 58 575 020 теңгеге 242 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес