USD
USD
USD

Елордада карантин режимі қатаң бақылауда

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері карантин режимінің сақталуы бойынша шара қабылдау жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Елордада карантин режимі қатаң бақылауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құқық қорғаушылар тәртіп сақталмаған нысандарға, әсіресе мейрамханалар, дәмханалар, караоке, барлар мен сауда орталықтарына ерекше назар аударып отыр.

«Полиция қызметкерлері кәсіпкерлік субьектілеріне күндіз де, түнде де рейд жүргізіп, карантин тәртібін бұзған азаматтарды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуда. Сонымен қатар демалыс күндері құқық қорғаушылар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін карантин режимінің сақталуы керектігі жөнінде халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Демалыс күндері халықтың басым бөлігі адамдар көп жиналатын орындарға, бақтарға, базарларға баратыны белгілі. Осыған орай тәртіп сақшылары сақтық шараларын ұстануға шақырып, санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықтың сақталуын қадағалайды», – деп хабарлайды полиция департаментінен.

Сонымен қатар көңіл көтеретін орындардың иелеріне карантин шараларының сақталуы керектігін ескертеді.

«Бір тәуліктің ішінде Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін қадағалау басқармасының мамандарымен бірігіп, кәсіпкерліктің 141 нысанын тексерді. Тексеру барысында карантин режимін бұзудың 70 жағдайы тіркелді. Заң бұзушылардың бәрі де әкімшілік жауапкершілікке тартылған».

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантин режимін сақтауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

полицей

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Әмір Шайкежанов