Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада карантин күшейтілді

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына және КВИ ауруының өсуіне байланысты қалада карантин және шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Елордада карантин күшейтілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қол қойылған құжатқа сәйкес сауда-ойын сауық ортаолықтары, сауда үйлері және т.б. жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қысқартылады.

Сонымен қатар, бұл нысандардың демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынды. Бұдан басқа, қашықтан оқытуға 9, 11 (12) сынып оқушыларын қоспағанда барлық студенттер, сондай-ақ қала оқушылары көшеді. Қоғамдық тамақтану объектілеріне демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады, оған жеткізу жұмысы мен алып кету тапсырыстары кірмейді.

Жаңа қаулы 30 наурызда күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Күн сайын қалада коронавирус инфекциясының 300-ден астам жаңа жағдайы анықталады. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан КВИ ауруының өсуіне жол бермеу үшін санитарлық норма мен карантин талаптарын қатаң сақтау талап етіледі.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті