USD
USD
USD

Елордада карантин қайта күшейеді

 Елордалықтардың санитарлық талаптарды сақтамауына байланысты қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбай тұр. Сол себептен карантиндік шаралар қатаңдатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлімдеді.

Елордада карантин қайта күшейеді
Фото: NEGE.kz

НҰР-Сұлтан, NEGE. «Науқастар саны ұлғайған жағдайда, мен бас санитар дәрігер ретінде эпидемиологиялық ахуалды бағалай отырып, коронавирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға мәжбүрмін», – деді Пралиева онлайн брифингте.

Ол тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауының кесірінен астанада эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мүмкін болмай тұрғанын айтты. Пралиева қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, карантин талаптарын сақтауға, өзінің және өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.

Соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтанда 2 620 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 1 829-ы дертінен айығып шықса, он төрт адам қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай