Елордада қандай IT жобалар жүзеге асып жатыр
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалада іске асып жатқан IT жобалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды әкімдік.
Нұр-Сұлтан, NEGE. «Осыдан бір жыл бұрын ІТ кеңестің жұмысын бастадық. Ол цифрлық технологияларды одан әрі дамытып, енгізуге бағытталған. ІТ кеңестегі әрбір кездесу жай ғана кездесу емес, бұл қала мен тұрғындарға қажет нақты жобаларды кәсіби тұрғыда талқылап, енгізу», - деді әкім Instagram-дағы парақшасында.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы «цифрландыру – барлық реформалардың базалық элементі» деп атап өткен.
Әкім мысал ретінде пандемия кезінде пациенттерді медициналық мекемелерге біркелкі таратуға мүмкіндік беретін қосымшалар жасалды, телемедицина енгізілгенін атады.
«ІТ кеңесте таныстырылған бірқатар жоба басқа да салаларға енгізілді. Мысалы, 20-дан астам мектепте химия, биология, физика сияқты пәндерді көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік беретін Roqed Science бағдарламасы енгізілді. Бұл оқушыларға материалдарды түсіндіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бірқатар мектепте Smart Recirculation Control жобасы іске қосылды. Инновациялық технология ауаны тазартуға және зарарсыздандыруға, сол арқылы үй-жайды ионизациялауға, ауаның түтінденуіне мониторинг жүргізуге, тәулік бойы бейнебақылау мен визуалды бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, дене температурасын өлшейтін, масканың бар-жоғын бірден білетін жүйе іске қосылды», - деді Алтай Көлгінов.
Әкім қаланы ауқымды цифрландыруды жүргізетініміз туралы айтқанын еске салды.
«Мысалы, инженерлік желілерді цифрландыру олардың нақты жағдайын көруге, жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге, қажет болған жағдайда қуатты арттыруға, тәуекелдерді азайтуға және т.б. мүмкіндік береді. Қаланы цифрландыру жұмысы қазір аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, ұсынылған жобалардың арасында экология, қауіпсіздік, әлеуметтік салалардағы жобалар да бар. Мысалы, жасыл желектерді түгендеу, люктердің мониторингі, заңсыз қоқыстардың алдын алу және анықтауды бақылау және т.б. үшін жүйелер әзірленді. Іріктелген жобалар толықтай іске асырылады», - деді елорда әкімі.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ