USD
USD
USD

Елордада интернет арқылы жеңіл ақша табуды уәде еткен алаяқ ұсталды

 Қаланың 26 жастағы тұрғыны ақшаны жеңіл айналдыру ұсынысымен 30 азаматты алдады.

Елордада интернет арқылы жеңіл ақша табуды уәде еткен алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Күдікті 2021 жылдың тамыз айынан қарашаға дейін WhatsApp әлеуметтік желісінде таныстары мен достарының ортақ тобын құрып, онда ақшалай қаражатты 100 пайыз өсіммен инвестициялауды ұсынған. Жаңа клиенттерді «ұзынқұлақ» көмегімен тауып отырған, жазылушылар таныстарын чатқа қосып отырды. Алданған азаматтар 20 мың теңгеден басталатын сомадағы ақшаны «инвестициялаған», жалпы сома шамамен 8 млн теңгені құрады.

Күдікті қолға түсірген ақшаны жұмсап тастаған. Алаяқ ер адам жедел алдын алу шарасы барысында ұсталды. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлімімен (алаяқтық) сот алдындағы тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның 2015 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болып, желідегі алаяқтарға сенім білдірмеуге кеңес береді. «Интернет арқылы ақшаны көбейту акциясына қатыспаңыздар. Алаяқтар пайдаланушыларға тиімді әрі ұтылусыз ұсыныстар жасайды. Ақшаны оңай айналдыру бойынша күдікті жобаларға инвестицияламаған жөн» деп ескертеді полиция.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан