USD
USD
USD

Елордада ер адам баланы өлімнен құтқарды

Нұр-Сұлтанда 37 жастағы ер адам 2 жасар қыз баланы құтқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елордада ер адам баланы өлімнен құтқарды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.   Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 мамырда сағат 10.21-де Ұлы Дала көшесі 27/1 тұрғын үй кешенінде 9-қабатта бала тұрғаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орнына қалалық ТЖД жеке құрамының 7 қызметкері мен 2 техникасы жіберілді. Олар ер адам 8-қабаттағы балконның карнизіне ілулі тұрған баланы құтқарғанын анықтаған. 2019 жылы туған қыз бала ата-анасымен бірге үйде болған, алайда оның жанында ешкім болмағандықтан ол терезеге шығып кеткен. 1985 жылы туған ер адам Сәбит Шонтақбаев 7-қабатта тұрып, өзінің өміріне қауіп төнгеніне қарамастан қызды өлімнен құтқарды", - деп жазылған хабарламада.

37 жастағы ер адам батылдығы, батырлығы мен ерлігі үшін марапатқа ұсынылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ата-аналарды сақ болуға, баланы қараусыз қалдырмауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы