Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Елордада демалыс күндері тек азық-түлік дүкендері ғана ашылады

Маусымның 20-21 күндері елордада тек үйдің ауласындағы азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейтін болады.

Елордада демалыс күндері тек азық-түлік дүкендері ғана ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Бұған қоса демалыс күндері барлық ОСО, сауда үйлері, желілік дүкендер, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базаларлар мен дүкендердің жұмысы тоқтатылады. «Қазір қалада індеттің екі – отбасылық және ұжымдық ошағы барын ескеріп, елордада «үйдегі демалысты» енгізу туралы шешім қабылданды. Бүгінде бізге, дәрігерлерге індетті жұқтыру қарқынын төмендеру және тізбекті жою керек. Әйтпесе инфекция үдеп барады. Қала тірлігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен үйдегі азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істейді. Тіпті, базарлар да жабылады. Қала тұрғындары сенбіге дейін қажетті азық-түлік сатып алуы керек. Алайда дүрбелең тудырмаған жөн, себебі әр үйдің ауласында азық-түлік дүкендері бар. Адамдар бұл күндері үйлерінде отыруы тиіс. Аса қажеттілік болмаса үйден шықпау керек», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева. Бұдан бөлек, 20-21 маусымда дәріханалар мен көшедегі дәмханалар форматындағы ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Олар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті. Онда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қараганды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша бірқатар шектеулер шаралары қабылданған еді.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Қазақстан мұнайы КҚК терминалы арқылы қайта жөнелтіле бастады

Қазақстан мұнайы

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

сайлауалды науқан

Мемлекет басшысы Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI-2026 халықаралық олимпиадасын ашты

IOAI

«Ауылдағы интернет пен қазақстандықтарға арналған ЖИ»: «Әділет» партиясы неге өзін «цифрлы партия» деп көрсетеді

сұхбаттан үзінді