USD
USD
USD

Елордада бұрынғы құдалар қалың малды қайтарып алуға арызданған

Талапкерлер Ж. мен  А. сотқа «Сырға салу» ұлттық әдет-ғұрпы бойынша салт-дәстүр кезінде қалыңдық жаққа берілген қалың мал мен мүлікті (тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер және т. б.) бұрынғы құдасы – жауапкер С.-дан алдырып қайтарып алу туралы талаппен жүгінген, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайты.

Елордада бұрынғы құдалар қалың малды қайтарып алуға арызданған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған.

2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған.

Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот қалыңдық үшін қалың мал түріндегі ақшалай сома мен басқа да заттар сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, бұл заттарды тек жауапкер ғана емес, қалыңдық жақтан басқа да адамдар сыйға алған.

Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін атап өтті. Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше орын алған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт