USD
USD
USD

Елордада билеуден бас тартқан келіншектің екі күрек тісін ұрып сындырған

Нұр

Елордада билеуден бас тартқан келіншектің екі күрек тісін ұрып сындырған
Фото: NEGE.kz

-Сұлтанда алты жылдай бұрын ер адам өзімен билемей қойған әйелді жұдырықпен бір қойып, алдыңғы екі тісінен айырған. Осы уақыт аралағында ол іздеуде болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан. NEGE. Ұсталған ер адам мән-жайды нақтылау барысында Ш.Уәлиханов көшесіндегі астаналық кафелердің бірінде 40 жастағы әйелді ұрып-соғып, қашып кеткенін мойындады.

Ішімдікке еліткен ер адам кафеде екі әйелге жақындап келіп, оларды биге шақырады. Бірақ ыңғай танытпағандықтан ашуланған ер адам олардың бірін бетінен жұдырықпен бір қойып, алдыңғы екі тісін түсірді. Жазадан қорыққан ер адам тез арада кафеден қашып шыққан. Кейінірек ол ауылдағы туыстарына кетіп қалған, - дейді полициядағылар.

Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Нәлібаев

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы