USD
USD
USD

Елордада Балаларды қорғау күні 107 бала дүниеге келді

Нұр-Сұлтан қаласында Балаларды қорғау күні көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктарында 107 нәресте дүниеге келді. Оның 54-і қыз бала, 53-і ұл бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада Балаларды қорғау күні 107 бала дүниеге келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилер мен жаңа босанған аналар өздерін жақсы сезінеді. 

«Маған екі баланың анасы болуы бақыты бұйырды. Жаңа туған қызымызға Кәусар деген есім бердік. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қарым-қатынасы мен кәсібилігінің арқасында жеңіл босандым. Оларға деген алғысым шексіз», – дейді қала тұрғыны Зағира Сейітақынқызы.

Дәстүр бойынша жыл сайын 1 маусымда елордада балаларды қорғау күні дүние есігін ашқан нәрестелерге арналған іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні босанған әйелдерге елорда әкімінің атынан алғыс хаттар, нәрестелеріне арналған сыйлықтар табыс етілді.

Қазір оқып жатыр

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев