USD
USD
USD

Елордада балалар автобуста тегін жүреді

  Елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды. Бұл туралы «CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті. 

 Елордада балалар автобуста тегін жүреді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүреді. Біз осындай шешім қабылдадық», – деді компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов. Еске сала кетсек бұған дейін елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгергенін хабарлаған еді. «Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді.

Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы – City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», – деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам