USD
USD
USD

Елордада балабақшаға қабылдау 10 маусымнан басталады

Жаздың бірінші күні елордадағы барлық балабақша штаттық режимде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды «Хабар 24». Мектепке баратын балалар тізімнен шығарылатындықтан, 15 мың орын босайды.

Елордада балабақшаға қабылдау 10 маусымнан басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 10 маусымнан бастап осы бос орындарға бөбектерді қабылдау жүргізіледі. Қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, орындардың 13,5 мыңы мемлекеттік және жекеменшік болса, қалғаны шағын орталықтарда қарастырылып отыр. Кесте bilim.astana.kz сайтында жарияланатын болады. Әзірге тәрбие ошақтарындағы кезекші топтар жұмыс істеп тұр. Шолпан Қадырова, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы: - 18 мамырдан бастап меншік түріне қарамастан, барлық тәрбие ошақтары санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмысын бастады. Алдымен баласын үйде қалдыруға мүмкіндігі болмаған ата-аналар үшін кезекші топтар іске кірісті. Қазір балабақшаларға 4134 бала келіп жүр. Бұл – жалпы тәрбие алушылардың 7,4%-і.

Қазір оқып жатыр

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Air Astana

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Әкесін ұрып-соққан

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды

тергеуші

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

мұрат әбен